388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада химия-биологиялық зертхана ашылды

  • 149
  • UPD: 15:37, 09.11.2019

Құны 130 миллион теңгенің ғылыми лабораториясы мемлекеттік университет базасында орналасқан.

Автоматтандырылған жүйелік кешен германиялық құрал-жабдықтармен жасақталған.

Физикалық, коллоидтық, органикалық және бейорганикалық зерттеулер жүргізетін зертхана 3 бөліктен тұрады. Әсіресе ғылымның ең күрделі саласы – физикалық химия элементтерін терең талдауға бар жағдай жасалған. Мұндағы микроскоп 500 есе ұлғайтып көрсетумен қатар электрондық нұсқасын әзірлеп береді.    

Гүлмира Абызбекова, «Химия-биологиялық зерттеу» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі:

– Құрал-жабдықтардың ерекшелігі физикалық шамаларды өлшеуге, есептеулер жүргізуге арналған компьютерлендірілген жүйе болып табылады. Педагогикалық шеберлік зертханасында бізді білім алушылар мен профессорлық оқытушылар құрамы өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік бар. Біз облыс көлеміндегі мектеп мұғалімдеріне біліктілік арттыру курстарын, шеберлік сағаттарын жүзеге асыратын боламыз.

30 жастағы Жаңыл Әбілбек 2 жыл бұрын PHD докторы атанды. Қазақ-британ университетінде жоғары білім алған ол магистратураны Румынияда оқыды. Қызылордаға оралып, оқытушылық қызметімен қатар ғылыми ізденісін жалғастырды. Өңірде заманауи зертхана болмағандықтан, Түркияға барып зерттеу жұмыстарын жүргізуге тура келді.

Жаңыл Әбілбек, PHD докторы, аға оқытушы:

– Осында оқып жүрген магистрант, студент, PHD докторлары бақытты деп айта аламын. Себебі зертхананың ашылуы үлкен мүмкіндік болып табылады. Мысалы, артымда тұрған экофурил спектрометрін қолдану арқылы сандық-сапалық анализ жүргізіп, қолдан сызып жатудың қажеті жоқ. 15 минутта жұмысты тез бітіріп, оңтайландыруға болады.

Жас ғалым қазір қоршаған ортаны мұнай қалдықтарынан тазарту бағытында еңбектеніп жүр. Асфальтты-парафинді шөгінділерін түрлі химиялық қоспалармен әрекеттестіріп, топырақты зақымданудан қорғау тәсілдерін ұсынады.

Жаңыл Әбілбек, PHD докторы, аға оқытушы:

– Мұнай қалдықтарының экологияға тигізіп жатқан зардабын біліп отырмыз. Әсіресе Қызылорда өңірінде Құмкөл кен орнына баратын болсақ, қалдықтар жайдан-жай экологияға зиян тигізіп отыр. Ал біз сол кенді осы полигон астына гидроизоляциялық материал төсеу арқылы сақтап, көму арқылы 50-70 жыл өз қызметін еркін атқаруына себепші болып отырмыз.  

Қолданбалы химия-биологиялық зерттеулер лабораториясын пайдалануға мүмкіндік алған 150 ізденушіге 561 оқу-ғылыми әдебиет жинақталған кітапхана қызмет көрсетеді. 

Авторлары: Қамбар Бекенов, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы