419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болады

  • 544
  • UPD: 21:31, 09.11.2019

Қазақстан дүниежүзілік туристік альянсына мүше болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шанхайда өтіп жатқан халықаралық сауда көрмесінде осындай меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Туристік альянс құзырындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері мен құнды мәліметтер қорына қолжетімділік артады. Бұған қоса, ұйымға мүше мемлекеттермен тығыз байланыс орнайды деп күтіліп отыр. Сондай-ақ кәсіби кеңестер мен тренингтер ұйымдастыру арқылы туризм саласындағы мамандарды даярлауға да үлес қоспақ.

Айта кетейік, Дүниежүзілік туристік альянстың қазір 191 мүшесі бар. «Kazakh Tourism» компаниясы арнайы келісімге қол қоя отырып, еліміздің аталған ұйымға мүшелікке өткенін мақұлдады.

Хабар 24 телеарнасы