420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте төтенше жағдайлар департаменті отбасылық жатақханаларды тексерді

  • 673
  • UPD: 09:04, 10.11.2019

Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің мамандары отбасылық жатақханаларды тексерді.

Қалада олардың саны онды құрайды. Газдан уланудың алдын алу шарасы негізінде өткен рейдтте мамандар 30 мыңнан астам үйді аралады. Негізінен бұл баспаналардың тұрғындары орталық газ құбырына қосылмаған. Сондықтан олардың дені бөлмеде газ баллон пайдаланады. Бұл қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екендігін құтқарушылар халыққа жеткізді. Биылғы жылы қалада өрттің саны артқан дейді «төтеншеліктер». Жалпы жыл басынан бері 166 өрт тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 26,2%-ға өсіп отыр. Төтенше жағдайлардан болған жиынтық материалдық шығын биыл 200 млн теңге. Әсіресе тұрғын үй секторында өрт саны көп. Мұнда негізінен қызыл жалын электр сымдарының, пеш және газ жабдықтарының ақаулары мен рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегуден пайда болатын көрінеді.

Нұрболат Дербісов, қалалық ТЖД бастығы:

 - 2019 жылмен 2018 жылды салыстырғанда 9 айлығында 28% өрттің саны көтерілген болатын. Қазіргі осы жұмыстың берген нәтижесі өрттің пайызы азайып жатыр. 23%-ға түсті. Өртті мүмкіндігінше азайту әрқайсымыздың міндетіміз.

Хабар 24 телеарнасы