411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орта Азиядағы төрт ел әйгілі Темірланға арналған тур ұйымдастырады

  • 437
  • UPD: 09:20, 10.11.2019
Орта Азиядағы төрт ел әйгілі Темірланға арналған тур ұйымдастырады

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдері туристер үшін бірлескен бағдарлама әзірлемек. Бұл туралы Шымкентте өткен басқосуда айтылды.

Олар өз білімдерімен біліктіліктерін біріктіріп, тізе қосып жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Тараптар алғашқы «Темірлан» атты турды келер жылы жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл жобада туристерге тартымды дүниелер көп дейді жиынға қатысушылар.Сондай-ақ шетелден келген меймандарға Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды.Олар қонақ үйлер мен мұражайларды ескі қалашықтағы қазба жұмыстарының орнын аралап көрді. Оңтүстік өңірінің қонақжайлығына тәнті болды. Айтпақшы, келер жылы шаһарға туристер мен саяхатшылар көптеп келеді деп жоспарлануда. Себебі қала ТМД-ның мәдени астанасы атанады. Оған әзірлік қазірден бастау алған. 

Тұрар Ахметов, қалалық туризм басқармасының басшысы:

- Бұл жиынның қортындысы бойынша бірлескен тур ашу жөнінде ойлар ортаға салынды. Біз оны қолдаймыз. Мысалы ТМД-ға әйгілі Темірлан, ортақ діни ғұрыптарды насихатттайтын турлар негізінде шетелдік меймандар мен ортақ көзқарасқа бір байланысқа келдік. 

Камардин Асоев, туристік фирманың жетекшісі /Тәжікстан/:

- Біз осы тур негізінде Тәжік елінен өтетін бағытты қолға аламыз. Себебі бұған көршілес 4 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытып отыр. Шымкент қаласында да туризмді дамытуда мүмкіндіктер мол екендігін байқадым. Әсіресе ауа-райы мен қонақжайлығы көпті таңқалдыратыны анық.

Хабар 24 телеарнасы