384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұздағы келіншектің құраған көрпелері алыс және жақын шетелде сұранысқа ие

  • 193
  • UPD: 15:43, 10.11.2019

Ұлттық нақыштағы перделер, құрақ көрпелер мен жастықтар. Тұрмыста кеңінен қолданылатын осы бұйымдарды кәсіп көзіне айналдырған Екібастұз қаласының тұрғыны тәп-тәуір табыс тауып отыр. Алты баланың анасы Гүлперизат Өтеғұлованың  қолынан шыққан бұйымдарға шет мемлекеттерден тапсырыс берушілер көбейген.

Гүлперизат Өтеғұлованың тігінханасы құрақ көрпенің бірнеше түрін тігеді. Қошқар мүйіз оюымен өрнектелгені, ұсақ маталардан құралғаны бар. Тұтынушының таңдауы ең күрделі түрлеріне түседі екен. Ол 300-400 жиынтықтан тұратын төр көрпелер. 

Гүлперизат Өтебаева, жеке кәсіпкер:

- Ең күрделісі көрпешенің, ең әдемісі бағасы да жоғары бағадағы сол осы құрақ араласқан көрпеше. Бағалы және қолдан жасалынған. Жуып ала береді. Қазір заманауи замок салынып, оңай шешіледі. Кір жуатын машинада жуа беретіндей сапалы қылып тігіп жатырмыз. 

Құрақ құрау ежелден келе жатқан қолөнер түрлерінің бірі. Шеберлер мата қиындыларын, жыртыс, теберіктерді кәдеге жаратқан. Қазақ қыздың жасауына міндетті түрде құрақ көрпе қосқан. Өмірлері құрақ көрпедей әдемі болсын, дүниелері тез құралсын деп ырымдаған.

Гүлперизат Өтебаева, жеке кәсіпкер:

- Ресейден, Дағыстаннан жақында Германияға жібердік. Біздің осы Екібастұздың қызы күйеуге шығып, қазаққа, Германияның қазағына сол жаққа, дүниесінің бәрін маған жасатты. Осы қыздарыммен бірге демалмай өзім жақында босандым.  Ана кісінің көңілін қимаймын. Сіз істеп беріңізші, сіздің көрпешелеріңіз керемет деп.

Шағын тігінхананы ашу үшін іскер әйел 250 мың теңге  грант ұтып алған. Жергілікті әкімдік ғимарат жағынан көмек беріпті. Қазір мұнда үш адам жұмыспен қамтылыпты.

Жұлдыз Асалдинова, тігінші:

- Мен медицина саласында еңбек еттім. Ал тігіншілікке бала жасымнан құмар болып өстім. Бұрын үйде тігетін едім. Ал Гүлперизатпен әлеуметтік желі арқылы таныстық. Оның жұмыстары маған қатты ұнайды.

Гүлперизат Өтеғұлова 33 жасында алты баланың анасы атанды. Төрт сәбиі  өз құрсағынан. Екі қызды төрт жыл бұрын балалар үйінен асырап алыпты. Кәсіппен айналысуға бесіктегі сәбидің еш кедергісі жоқ дейді ол. Балаларын бесікке бөлеп өсіріп жатыр.

Гүлперизат Өтебаева, жеке кәсіпкер:

- Менің әкемнің істеген бесігі ою салып, неше жыл болды, мына қызым жатты, одан ұлым, мына ұлым, ана ұлым, міне енді кенже ұлым жатыр. Бесікке міндетті түрде бөлейміз.Қараңыз тып-тыныш ұйықтап жатыр. Бесік балаға жақсы ғой, аяғы түзу болады дейді, ұйқысы тыныш болады, памперс кигізбейсің эконом.

Қыздың жасауымен қатар  перделер мен ұлттық киімдерге де тапсырыс көп. Қазақы нақыштағы бұйымдардың эскизін өзі сызады. Матаны тапсырыс арқылы Түркиядан алдырады. Отбасының таза кірісі айына кем дегенде 300 мың теңгені құрайды. Көп баламын деп қарап отыруға Гүлперизаттың  уақыты жоқ. Ол қыздарын да тігіншілікке баулу үстінде.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы