384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жастар ардагерлер мен зейнеткерлерге қар күреуге көмектесуде

  • 173
Елордалық жастар ардагерлер мен зейнеткерлерге қар күреуге көмектесуде astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда қар жауып, қолайсыз ауа райы орын алды. Бүгін таңертеңнен астаналық жастар коммуналдық қызметті күтпестен, ардагерлер мен зейнеткерлерге үй алдындағы қарды күреуге көмекке келді. 

«Астана жастары» КММ жастарынан құралған белсенділер зейнеткерлердің ауласына тазартуға көмектесті.

«Жастар еңбек ардагерлері мен жалғыз басты зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, керекті қолға алып бірнеше сағаттың ішінде саудадағы, шатырда жиналып қалған қарды тазартты. Осыдан кейін үйілген қар арнайы техникамен шығарылады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір.

Айта кетейік, бүгін басталған акцияға 30 адам қатысты. Жалпы күніне тұрғын үй алаптарында тұрып жатқан 50 зейнеткер пен ардагердің үйін қардан тазалау жоспарланған. Жастар қажетті құралдармен жабдықталып, арнайы техника жұмылдырылады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы