384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан БҰҰ кеңесінде адам құқықтарын қорғау бойынша үшінші баяндамасын қорғады

  • 243
  • UPD: 22:06, 10.11.2019

Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттерін орындау туралы үшінші баяндамасын қорғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Женевада өтіп жатқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жұмысшы тобының 34-сессиясында өтті. Қазақстан делегациясының құрамына Президент әкімшілігі, Жоғарғы сот, Бас прокуратура және бірқатар министрлік өкілдері кірді. Басты баяндамашы Марат Бекетаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың естуші мемлекет ұстанымына тоқталды. Шараға қатысушылар Қазақстанның заң, сот, ұлтаралық татулық және адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттарды енгізуде көп жетістікке жеткенін атап өтті.

Марат Бекетаев, ҚР әділет министрі:

– Бүгін Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде үшінші баяндамасын ұсынып, адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мақсатында жүргізген реформалар және қабылдаған шаралар жөнінде хабарлады. Жалпы біздің баяндамамыз жақсы өтті. Қабылдау позитивті болды. Бірқатар ұсыныс берілді. Осы ұсыныстар бойынша жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы