430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаппай роботтандыру болашақта жаһандық қауіп төндіруі мүмкін

  • 1338
  • UPD: 08:25, 11.11.2019
Жаппай роботтандыру болашақта жаһандық қауіп төндіруі мүмкін

Болашақта жасанды интеллект пен роботизация жаһандық қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, технология асқан жылдамдықпен дамып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, өндірісті роботтандыру әлеуметтік дағдарысқа әкеледі. Қазірдің өзінде адамды машина алмастырып жатыр. Мұндай өзгерістер адам өмірінің ұзақтығына да әсерін тигізеді екен. Португалиядан келген саясаттанушы Бруно Масаеш «терең трансформацияға осы кезден дайындалған жөн», дейді.

Бруно Масаеш, саясаттанушы (Португалия):

- Біз барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Оның ішінде, технологиялық қаруға төтеп беру маңызды. Қазір әлемге ядролық қарудан бөлек, кибер-жанжалдан да қауіп төніп тұр. Оның әсері жойқын болуы мүмкін. Мысалы, технологияларды қолданатын екі күш бір-біріне қарсы келсе, арты не боларын білмейміз. Оның ережесін түсінбейміз. Біз осы кезден бастап проблеманы шешу жолдарын іздеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы