425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды

  • 684
  • UPD: 11:49, 11.11.2019
Қ.Тоқаев елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы