384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бірқатар лауазымды тұлға сотталды

  • 216
  • UPD: 14:32, 11.11.2019
Түркістан облысында бірқатар лауазымды тұлға сотталды noi.md

Оңтүстік Қазақстан ІІД тіркеу-емтихандық бөлімі бұрынғы бастығы А.Жаппаровқа, мемлекеттік жол инспекторлары бағынатын үш аймақтық және бір қалалық бөлім деңгейдегі ТЕБ басшыларына, ОҚО ІІД криминалистеріне, сондай-ақ делдалдарға (азаматтық тұлғалар) қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды.

Оған мынада қылмыстар бойынша айып тағылды: пара алу, пара беру (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін жалпы қорғау үшін пара алуға әрекет жасау), қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, қызметтік жалған құжат жасау, жалған құжаттарды өндіру, сату және пайдалану, қылмыстық ұйым құру, басқару және оған қатысу, жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 144 фактісі және Қазақстан Республикасына қосалқы бөлшектер түрінде кіргізілген 353 автомобильді заңсыз тіркеу арқылы барлығы 2,7 млрд теңге сомасына зиян келтірілген.

Қамауда 38 айыпталушы болды, олардың 26-сы – облыстық ІІД-нің бұрынғы қызметкерлері.

Қылмыстық іс 1 538 томнан тұрады.

Биылғы 11 қарашада Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының және Түркістан қаласының ТЕБ-нің бұрынғы басшылары Қуанышбеков Н., Әбдіғалиев Н., Ағабеков С. және Түрегелдиев М. әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

ТЕБ-тің мемлекеттік жол инспекторлары мен ІІД криминалистері, сондай-ақ делдалдар (азаматтық тұлғалар) әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды және бостандықтары шектелді.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқаруға және арнайы атақтар алу құқығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы