380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы мамандықтарының тізімі кеңейтілді

  • 374
  • UPD: 15:24, 11.11.2019
Ауыл шаруашылығы мамандықтарының тізімі кеңейтілді

Заңнамалық өзгерістерге сәйкес мамандар ауылдық жерлерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қандай меншік нысаны екені есепке алынбайды. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков хабарлады. Оның айтуынша, аталған өзгерістер енді ауылшаруашылық маманы атанған ауыл жастарына квотамен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл осы мақсаттағы өндірістік кешендерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Басапасөз мәслихатында қазақ тіліндегі ауылшаруашылық оқулықтарын әзірлеу мәселесі көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы