384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да құны 439 млн теңге болатын киік мүйізі тәркіленді

  • 262
  • UPD: 17:47, 11.11.2019
БҚО-да құны 439 млн теңге болатын киік мүйізі тәркіленді

Сайын даланың сәні саналатын ақбөкенді аяусыз қырып, мүйізін пайда қылғысы келетіндер азаймай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше батысқазақстандық шекарашылар «Сырым» өткізу бекетінде 120 келі киік мүйізін тәркіледі. 47 жастағы Қазақстан азаматы жалпы саны 348 дана мүйізді «Крайслер» көлігімен Ресейге алып өтпек болған. Қазір ұсталған азамат Бәйтерек ауданының Приуральный полиция бөліміне тапсырылып, тергеу алды амалдары басталды. Алдын-ала есептеулер бойынша табиғатқа келген шығын көлемі 439 миллион теңге.

Азамат Биманов, ҚР ҰҚК шекара қызметі №2029 әскери бөлімінің аға офицері:

– «Сырым» өткізу пунктінде шекаралық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасынан РФ бағытта жүрген ҚР азаматының автокөлігінен арнайы техникалық құралды қолдану арқылы шекара нарядымен киіктің 348 дана жаңа кесілген мүйізі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы