384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте парақор полицейлерге сот үкімі шықты

  • 206
  • UPD: 19:43, 11.11.2019
Шымкентте парақор полицейлерге сот үкімі шықты

Шымкентте сыбайлас жемқорлықпен айналысқан полицейлер сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің тіркеу-емтихан бөлімінде пара алу бойынша істің сот үкімі үш сағатқа созылды. Бар-жоғы 38 адам заң алдында жауап бермек. Олардың көбісі басшылық лауазымдарды атқарған. Пара алу және беру, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, қызмет бабында жалған құжат жасау, қылмыстық топты ұйымдастырып басқару, жүргізушілер куәлігін заңсыз беру мен көліктерді заңсыз тіркеу бойынша қылмыскерлерге айып тағылып отыр. Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімі басқармасының экс-бастығы Артықбек Жаппаров 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандары және Түркістан қаласының бұрынғы тіркеу-емтихан бөлімдерінің басшылары әрқайсысы 10 жылға түрмеге қамалды. Сондай-ақ мемлекеттік автоинспекторлар мен криминалист мамандары да өз үкімдерін тыңдады.

Хабар 24 телеарнасы