384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ішкі туризмнің дамуына не кедергі

  • 251
  • UPD: 08:02, 12.11.2019
Қазақстанда ішкі туризмнің дамуына не кедергі

Жорықтар мен саяхаттардың, табиғат аясындағы түрлі шаралардың өскелең ұрпақты патриотизмге баулудағы маңызы ерекше.

Бұл туралы Оралда өткен халықаралық туристік форумда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қазан, Орынбор, Мәскеу қалаларынан келген мамандар қатысқан алқалы жиынның Ақжайықта ұйымдастырылуы да тегін емес. Өйткені Орал өңірінде балалар туризмі ұйымдарының барлығы да толықтай сақталған. 14 орталықтың жұмысына оқушылардың 15% тартылған. Форумда сөз алған ғалымдар мен педагогтар балалар туризмін дамыту үшін ішкі туризм мәселелерін де қоса қарастыратындай кластерлік тәсіл керектігіне екпін түсірді. Осы тұрғыда цифрлық технологиялар мен туристік анимацияны қолдану да өз жемісін бермек.

Айта кетерлігі, Батыс Қазақстан облысында көрікті орындардың үш өлшемді картасы жасалып, оған әзірше 7 нысан енгізіліпті. Келелі кеңесте бұдан бөлек ұрпақ тәрбиесіндегі туризмнің рөлі де айтылды.

Орденбек Мәзбаев, Л.Гумилев атындағы еуразиялық университетінің профессоры:

– Неге Қазақстанда ішкі туризм дамымай жатыр. Себебі жасөспірімдер туризміне деген көзқарастың жоқтығы. Қазір көріп отырсыздар, жастарды, оқушыларды дала, интернет тәрбиелеуде.

Жадыра Жармұхамбетова, IT жобалау компаниясының маманы:

– Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық киелі жер бар. Әзірге соның жетеуін цифрладық. Келесі жылы толықтай бітіруге жоспар бар. Көріп тұрғандарыңыздай, 7 белгіден тұрады. Әрқайсысын басқанда 5 негізгі пункт бар, суреттер, видео, ақпараттар, виртуальді тур және 3D модем.

Хабар 24 телеарнасы