384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында халықты көмірмен қамтуда мәселелер жоқ

  • 163
  • UPD: 13:26, 12.11.2019
Павлодар облысында халықты көмірмен қамтуда мәселелер жоқ

Ертіс өңірінде былтырғыдай халықты көмірмен қамтуда мәселелер туындамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің атқамінерлері күз келісімен қатты отын тасымалдаушыларымен келіссөздер жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын ұстау бойынша тиісті шараларды қолға алды. Қазір көмірдің 1 тоннасы сұрыбына қарай 7 мың теңгеден 12 мың теңге төңірегінде қалыптасқан. Әзірге көмір үлестіру орындарында кезек күтіп тұрған халық жоқ. Сала мамандарының мәліметінше, аймақ тұрғындарының қыс кезеңіндегі қажеттілігі – 430 мың тонна. Бүгінде бұл көлемнің басым бөлігі дайын. Аудан орталықтары мен облыс қалаларында сату орындары жұмыс істеп тұр. Бұған қарамастан, мамандар тұрғындарға аяз түскенге дейін қамдануға кеңес береді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде көмір бағасын тұрақты ұстау және халықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені бекітіліп, тиісті жұмыстар қолға алынған.

Олег Сайко, көмір тасымалдаушы кәсіпорынның менеджері:

– Біз бірінші кезекте кеніштегі көмір бағасына тәуелдіміз. Биыл Майкөбе көмірінің бағасы тоннасына 10 мың теңгені құрады. Былтырғы жылға қарағанда 500 теңгеге арзан. Өткен жылыту кезеңдеріндегі көмір тапшылығына жол бермеу мақсатында ерте қамдандық. Көмір қоры жеткілікті. Баға шарықтамайды деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы