384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда стационарлы полиция бекеттері ашылуда

  • 162
Павлодарда стационарлы полиция бекеттері ашылуда

Павлодарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында стационарлы полиция бекеттері ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жобаның авторлары – полицейлердің өзі. Шағын ғимараттардың дизайны мен жұмыс қағидасын тәртіп сақшылары әзірлеп, жүзеге асыруға атсалысқан. Бекеттің бір бөлігі шыныдан салынған, осылайша полицейлердің жұмысы сырт көзге көрініп тұрады. Бүгінде осындай конструкциялар облыс орталығындағы көп адам жиналатын қоғамдық орындарда бой көтерді. Бекеттер қылмыс жасалған жағдайда тез әрі сапалы әрекет ету үшін қажет коммуникациялық құралдармен қамтылған. Стационар екі бөлмелі, радиостанция, мәліметтер базасы, компьютерлер мен бейнебақылау камераларымен қамтылған. Алдағы уақытта мұндай бекеттер сапаржай және Павлодар қаласының өзге шағын аудандарында пайда болмақ.

Балтабек Тұрсынбаев, патрульдік полиция батальонының рота командирі:

– Бекеттің бір бөлігі шыныдан салынған. Әр адам жұмысымызды көре алады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тәулік бойы жұмыс істейміз. Бұл жерде мас күйінде жүру, рұқсат етілмеген жерде темекі тарту сияқты ұсақ бұзушылықтар тіркеліп жатады. Стационарлы бекеттің көмегімен жұмысымыз оңтайлана түсті.

Хабар 24 телеарнасы