386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық бақылау құралдары мен дауларды шешу мәселесі талқыланды

  • 149
Елордада халықаралық бақылау құралдары мен дауларды шешу мәселесі талқыланды

«Ұлттық сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтаудағы Халықаралық бақылау институтының рөлі». Елордада дәл осындай атаумен Орталық сайлау комиссиясының Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бағдарламалық офисімен бірлескен семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында шет мемлекеттерге халықаралық бақылаушы ретінде шығатын мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арнайы дәріс алды. Мамандар халықаралық бақылау құралдары және дауларды шешу мәселесін де талқыға салды.

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Біздің мемлекетте де өзіміздің сайлау туралы заңымыз бар. Ол заң да халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. Сайлау тек қана дауыс берумен шектелмейді. Сайлау процесін, кандидаттарды дайындау, процесте дұрыс бақылау жүргізу, саралап-сараптау. Оның бәрі әр түрлі мемлекеттерде әр бағытта дамыған.

Хабар 24 телеарнасы