384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Батыс Қазақстанда жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 180
  • UPD: 14:26, 12.11.2019
Биыл Батыс Қазақстанда жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық пәтер салынуда.

Тұрғын үй құрылысына 16 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ақсай және Орал қалаларында 17 көп пәтерлі тұрғын үй және ауылдық жерлерде 117 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

«6 көп пәтерлі тұрғын үй және ауылдағы 49 тұрғын үйді кезекте тұрған адамдарға жалға беру жоспарланған. Бұл жалпы саны 1080 пәтер. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен биыл жалпы көлемі 386 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетсек, биыл облыста халықтың әлеуметтік әлсіз топтары саналатын 394 отбасына жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Олардың ішінде 243 көп балалы отбасы баспаналы болды.

Хабар 24 телеарнасы