376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда газ жарылысынан 100% күйіп қалған ер адам жан тапсырды

  • 264
  • UPD: 14:36, 12.11.2019
Алматыда газ жарылысынан 100% күйіп қалған ер адам жан тапсырды

Алматыда газ жарылған үйде ауыр жарақат алған 36 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«36 жастағы ер адамның денесі 100% күйіп қалған болатын. Өте ауыр халде жатқан. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бүгін таңға жуық жүрегі тоқтады. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже берген жоқ. Оның денесі сот медициналық сараптамаға бағытталды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы.

Айта кету керек, одан бөлек жансақтау бөлімінде тағы екі адам жатыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85%-ын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі, денесінің 22%-ын күйік шалған). Бұл пациенттің де жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалап отыр.

Еске сала кетейік, Алматыда үш қабатты жекеменшік үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алған еді. Қайғылы оқиға Первомайка ауылындағы Постышев, 64 «В» мекенжайында барак типтес 3 қабатты жекеменшік үйде болған. Онда жалдамалы бөлмелерде 12 отбасы тұрып жатқан.

Хабар 24 телеарнасы