384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта жаңа балабақша ашылды

  • 176
  • UPD: 15:10, 12.11.2019
Балқашта жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жаңа балабақша ашылды.

Осылайша шағын шаһарда бөбекжай тапшылығы жойылды. Жергілікті кәсіпкер Ақбота Омарбекова әлеуметтік нысанның құрылысына 30 миллион теңге жұмсаған. Мұнда 2 ойын бөлмесі, асхана, медициналық бөлме және басқа да үйірме залдары бар. Бөбекжайға қазір 2 мен 5 жас арасындағы 40 бала келеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша әр балаға төленетін ақшаның 60 проценті бюджет есебінен беріледі. Қалған 40 проценті ғана ата-аналардың қалтасынан шығады. Сондықтан бұл үлкен көмек дейді тұрғындар. Әзірге мұнда 6 адам еңбек етеді. Келешекте қалалық жұмыспен қамту бөлімі арқылы тағы да тәрбиешілер мен жұмыскерлер қабылданбақ. Айта кету керек, қазір құрышты қалада мектепке дейінгі 23 мекеме жұмыс істеп тұр.

Әсел Тоқышева, Балқаш қаласының тұрғыны:

– Мен шөбереме келіп тұрмын. Жақсы болды, үйге жақын. Құны да жақсы, мемлекетке рақмет, жарты ақшасын төлеп отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы