426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан даму үлгісін көрсетті – АҚШ профессоры

  • 537
Қазақстан даму үлгісін көрсетті – АҚШ профессоры

АҚШ профессоры, жаһандық даму маманы әрі экономикалық сарапшы Чарльз Гилман – Назарбаев университетіндегі алғашқы ұстаздардың бірі.

Вашингтонға оралған ол сол кезді сүйсіне еске алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, білім ордасының тәжірибесін өзге елдер де білім беру жүйесін жаңғырту үшін қолдануы мүмкін. Чарльз Гилман Назарбаев университетінде 2011 мен 2015 жылдар аралығында сабақ берген. Білім мен инновациялар орталығында жұмыс істеген профессор әлемдік деңгейдегі университет құруға атсалысты.

Чарльз Гилман, профессор:

– Кезінде 2050 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясының тұсаукесеріне қатысып, оны қолдағанмын. Тіпті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездестім. Оны қатты қадірлеймін. Тұңғыш Президент жоспарының жүзеге асып отырғанына ризамын. Білім беру саласында жұмыс істейтін профессор ретінде «Болашақ» бағдарламасын ерекше атап өткім келеді. Өзім бірге еңбек еткен студенттерді мақтан тұтамын. Олар медицина факультетін тәмамдап, кейбірі Оксфордта және Вандербильт университетінде жұмыс істеп келеді.

Хабар 24 телеарнасы