421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаулық кәсіпкер кассалық аппарат орнатуға қатысты шағымдануда

  • 711
  • UPD: 20:48, 12.11.2019

Балаларға арналған ойыншықтарды сауда автоматтары арқылы сатумен айналысатын көкшетаулық кәсіпкерлердің бірі мынандай қызық жағдайға тап болып отыр.

Ол вендингтік аппаратқа кассалық машинаны өздігімен орната алмайды. Бірақ бұл мәселені жыл соңына дейін шешуі тиіс. Олай етпеген жағдайда 2020 жылдың 1 қаңтарынан салық қызметі оған айыппұл сала бастайды. Ал амалы таусылған кәсіпкер не істер білмей, дал болып отыр.

Көкшетаулық Владимир Зинкевич сауда аппараты арқылы ойыншық сатумен 3 жыл бұрын айналыса бастады. Екі айдан кейін оның бұл кәсібі заңсыз болып есептелуі әбден мүмкін. «Өйткені автоматтар ғаламтор желісіне қосылмайды. Оның үстіне мұның кассалық аппарат орнататын жері де жоқ», - дейді кәсіпкер.

Владимир Зинкевич, кәсіпкер:

- Мұндай жағдай күллі әлемде болмаған. Заң бойынша енді мен оған кассалық аппарат қоюым керек екен. Ал бұл аппараттарға ешқандай электронды қондырғы орнатылмайды. Бұл қалай болғаны? Жаңа заңда бұл жағдай неге ескерілмеген?

Бұл тек Владимир Зинкевичтің басындағы жағдай емес. Тиісті мекемелер тарапынан қолдау көрсетілмесе, көптеген орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері жабылып қалуы мүмкін.

Шыңғыс Темір, өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары:

- 1 қаңтардан бастап барлық вендингтік аппараттардың кассалық машинасы болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда кәсіпкер заң бұзушыға айналады. Әрқайсысының тапқан табысы көрсетілуі тиіс. Көлеңкелі бизнеске еш жол берілмейді.

Сондықтан еліміздегі барлық кәсіпкерлер кассалық машиналарды орнатуға міндеттеледі. «Олар бұл мәселені шешу үшін вендингтік аппараттарды жасап шығарған компаниялардың көмегіне жүгінгені жөн», - дейді мамандар.

Әлия Утекина, облыстық МКД басқарма басшысы:

- Кәсіпкерлердің сол вендингтік апараттарды өндірушілердің техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласуына болады. Оларға бұл мәселеде солар көмектесуі мүмкін. Кассалық аппарат орнатпаған жағдайда әкімшілік санкциялар салынады.

Санкияға сәйкес қазір ескерту жасаумен шектелсе, жаңа жылдан бастап кәсіпкерлерге айыппұл санына бастайды. Өйткені Әкімшілік кодекске сондай өзгерту енгізілген.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Азамат Қазжанов, Анатолий Поляный

Хабар 24 телеарнасы