384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда әкімдік қызметкерінің салықтық берешегі 65 млн теңгеден асқан

  • 120
  • UPD: 20:48, 12.11.2019
Қарағандыда әкімдік қызметкерінің салықтық берешегі 65 млн теңгеден асқан

Қарағандылық мемлекеттік қызметкердің салықтар бойынша қарызы 65 миллион теңгеден асып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудандық әкімдіктің бас маманы мұндай қарызға өзінің атындағы жер учаскесі үшін батып отыр. Аталған соманың 28 миллион теңгесі негізгі төлемақының үстінен жиналған айыппұл болып шықты.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметкер осыдан бірнеше жыл бұрын аумағы 37 гектар жер учаскесін сатып алған. Қаланың әкімшілік шекарасы кеңейтілгеннен кейін салықтық мөлшерлеме күрт өскен. Қазір сот шешімі бойынша қарыз мәжбүрлеп қайтарылуда – шендінің еңбекақысының бір бөлігі берешекті өтеуге ұсталынып отыр. Ол айына 8 мың теңгені құрайды. Бұдан бөлек, сатылымға борышкердің меншігіндегі екі автокөлік пен жер учаскесінің өзі шығарылған. Бірақ бұлардың соңғысын сату мүмкін болмады, екі ретте де сатып алушылардың болмауы салдарынан, аукцион өткізілмей қалған.

Гүлнәр Бекенова, Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің бас маманы:

Бұл жағдайды тек жер учаскесін сатып, салықтың негізгі төлемін толық төлеу арқылы шешуге болады. Негізгі төлем 37 миллионды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы