378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қайыр тілеп жүрген 44 бала тәртіп сақшыларының қолына түсті

  • 201
  • UPD: 21:13, 12.11.2019

Оралдық полицейлер қаңғып және қайыр сұрап жүргендерге қарсы күреске шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы операция жүргізілген төрт күннің ішінде қала көшелерін кезіп жүрген 100 адам ұсталды.

Рейдтік шараларға учаскелік инспекторлар пен кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар шықты.

Арнайы операцияның алғашқы үш күні ішінде қайыр тілеп жүрген 44 бала тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оларды кешкі уақытта сауда орындарының алдынан кездестіруге болады, ал ересек жандар көбіне таңертең көше кезеді екен.

Дамир Кидрашев, жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы:

Осы жедел профилактика шарасында үш линиямен жүріп жатыр. Атап айтқанда, участкілік инспекторлер, кәмелет жасқа толмаған бойынша инспекторлар және миграциондық инспекторлар. Қазіргі таңда 93 әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бес бала ата-анасыз жүрген үшін арнайы мекемеге орналастырылды.

Қайыр тілеп жүргендерге көбінесе ауылдан келген азаматтар көмек қолын созады. Полицейлердің айтуынша, орталық базар олар үшін кіріс молынан көп түсетін жер. Оралдықтар олардың осындай әрекеті дұрыс емес деген пікірде.

Блиц 1:

- Берген дұрыс емес енді, біз сияқты қол-аяғы балғадай адамдар ғой, табуға болады ақшаны, бірақ сұрап кетпегесін енді жылдам кетсін деп, әрі қарай жұмысымызды жасайық деген мақсатпен беріп жібереміз бұл кісілерге.

Блиц 2:

- Мүгедек адамдарға кей уақытта көмектесіп тұрамын. Енді қол-аяғы бүтін адамға ештеңе айта алмаймын енді, табыс табуға болады ғой.

Тәртіп сақшылары дала кезіп жүрген балалардың тірлігіне алаңдаулы. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері бейімдеу орталығына 130 ұл-қыз орналастырылған.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Ботагөз Базарбаева, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы