384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда алғаш рет ұйқы безіндегі артық ет лапароскопия тәсілімен алынды

  • 114
  • UPD: 22:55, 12.11.2019

Қарағандыда алғаш рет адамның ұйқы безіндегі артық ет лапароскопия тәсілімен алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей операция елімізде үшінші рет жасалынып отыр. Күрделі операцияны медициналық университеттің хирург мамандары өткізді.

Күрделі операция медициналық университеттің клиникасында жасалынды. Айта кету керек, заманауи жабдықталған жаңа клиника биыл іске қосылған. Қазір мекеме Пришахтинск ауданының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп отыр. 32 жастағы Динара Вычужина екі жыл бойы асқазанның қабынуымен жүрген. Медициналық тексерістен кейін ұйқы безінде ісік бар екендігі анықталған. Нәтижесінде  лапароскопиялық операция жасалынып, дәрігерлердің қарауында бір апта уақыт болған. Қазір үйіне оралуға дайындалып жатыр. Жас ананы үйінде жұбайымен екі баласы күтуде.

Динара Вычужина. қала тұрғыны:

Дәрігерлерге алғысым шексіз, операциядан кейін бірнеше күн жансақтау бөлімінде бақылауда болдым, тәулік бойы медициналық қызметкерлердің қарауында жаттым. Аурухана өте ұнады, қазір өзімді жақсы сезініп отырмын. Бастапқыда лапароскопиялық операция үшін Ресейге баруды да ойладым, дегенмен, ол жақта жасалынатын күрделі операцияларды біздің де дәрігерлер жасай алатынына көзім жетті.

Хирург Нұрқасы Абатов «лапароскопиялық тәсілмен өтетін операция ұжымдық жұмысты талап етеді және бірнеше білікті маманның қатысуымен өтеді», дейді. Сонымен қатар бір рет қолданатын құралдарда қажет. Яғни, заманауи қажетті хирургиялық құралдар мұндай операциялардың қымбатқа әкеліп соғатынын білдіреді.

Нұрқасы Абатов, ҚММУ профессоры:

- Өте күрделі операция, операция екі сағат сегіз минуттың ішінде жасалды, операцияның алдында көкталақты аламыз ба деген ой болды, өйткені көбіне ұйқы бездің ісіктері көкталақтың тамырына өсіп кететі де алуға қиын болады. Дегенмен, біз тамырларды орнында қалдыруға тырысып, ақырындап тамырлардан әрі қарай итеріп бөлдік, көкталақты алған жоқпыз.

Жаңа клиниканың басты бағыты хирургия мен терапия болып табылады. Сонымен қатар, мұнда тіркелген халық міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен сапалы медициналық көмек алып отыр. Мұнда кардиолог, уролог, невропатолог, травматолог мамандары қызмет көрсетеді. Стационар 60 адамды қабылдауға қауқарлы. Жақында клиника базасында травматологиялық пункт пен диагностикалық бөлім ашылды.

Авторлары: Айнұр Әбдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы