375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қоғамдық бірлестіктерді тіркеу жеңілдейді

  • 198
  • UPD: 23:28, 12.11.2019
Елімізде қоғамдық бірлестіктерді тіркеу жеңілдейді

Қазір саладағы жұмыстарды оңтайландыруға бағытталған заң жобасы Парламентте қаралып, Ақордаға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Президент қол қойғаннан кейін қоғамдық бірлестіктерді тіркеудің мерзімі 10 күннен 5 күнге дейін қысқаруы керек. Бұдан басқа да қордаланып қалған мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып жатыр. Өйткені биылдың өзінде елімізде 628 қоғамдық бірлестіктің тіркелуіне жол берілмеген. Себептері әртүрлі. Көбіне құжатты мерзімінен кешіктіру және заң талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары кездесетінін айтады жауапты мамандар.

Бақтыгүл Сапарқызы, ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Соңғы кезде цифрландыру аясында біздің деректер қорымыз бір-бірімен ықпалдастырылған. Жеке тұлғалар арқылы тексеріледі. Егер заңғы қайшы тұстары болса, бас тартылады. Сол кезде біз сол мәселелерді реттеп, құжаттарды қайта ұсынуға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы