384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде екпе салған 60 шақты адамнан шағым түскен

  • 185
  • UPD: 09:54, 13.11.2019

Қазір екпе салу науқанының қызған шағы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де вакцинаны бірі қолдайды, басқасы бас тартады. Көпшілік сапасына сенбейді.

Бұл – Иван Котляров. Бірінші сыныпта оқитын қызы бар. Сол қызына мектепте екі бірдей екпе салыныпты. Алдымен бүлдіршін көпшілік арасында аталып кеткен МАНТУ-ды қабылдаған. Арада үш күн өткен соң қызға туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы егілген. Содан көп ұзамай денесінің кей жері қызарып кетіпті.

Иван Котляров, қала тұрғыны:

– Қызымның иығына диаметрі шамамен 3 сантиметрлік қызыл бөртпе шықты. Қазір МАНТУ аллергия туғызуы мүмкін деген пікірлер айтылады. Оның үстіне БЦЖ-ны еккен. Содан аллергия пайда болды.

Иван Котляров сынды шағымданушылар аз емес. Денсаулық сақтау министрлігіне биыл екпе салғандардан 60 шақты шағым түсіпті. Дені жаңағы БЦЖ-ны қабылдағандар. «Бірақ бұдан шошымау керек», – дейді министрліктегілер.

Роза Қожапова,  ҚР ДСМ комитеті басқармасының жетекшісі:

– Вакцинадан соң денсаулығы күрт өзгерген адамдардың шағымы жіті қаралады. Әрбір теріс әсер зерттеледі. Комиссия құрылады. Ал екпелердің сапасы талапқа сай екендігін мәлімдегім келеді.

Елімізге әкелінетін вакциналарға денсаулық сақтау ұйымының сертификаты берілген. Сараптамадан өткізілген. Атап өтейік, вакциналар біздің елге Бельгия, Нидерланды, Франция, АҚШ, Жапония, Үндістан және Қытайдан тасымалданады. Жыл сайын 5 млн азаматымыз екпе қабылдайды. Оның миллионнан астамы бала.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Данияр Сұлтан.

Хабар 24 телеарнасы