377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 260 мың тонна әлеуметтік көмір қарастырылған

  • 226
  • UPD: 13:54, 13.11.2019
Семейде 260 мың тонна әлеуметтік көмір қарастырылған

Семейде әлеуметтік көмір тапшылығы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала басшылығы қатты отынға мұқтаж адамдардың тізімін алдын ала дайындап қойған. Қазір қала бойынша олардың саны 45 мың отбасын құрайды. Қалада үш көмір теміржол бекеті бар. Мұнда күніне 15-20 вагон тиеледі. Тоннасы 7 мың 400 теңге. Айта кету керек, биылғы жылу маусымында әлеуметтік санатқа 260 мың тонна көмір қарастырылған.

Амантай Өтелбаев, тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

– Өткен жылдан алған тәжірибеміз бар. Біз тізімді дайындап  «Жігер» ЖШС не бердік. Осы тізім арқылы олар әр отбасымен хабарласып, қажетті мөлшер туралы ақпарат алады. Осындай жүйемен халықты көмірмен қамтимыз. Сондықтан ешқандай проблема жоқ.

Хабар 24 телеарнасы