423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жол жөндеуге 43,6 млрд теңге бөлінді

  • 671
  • UPD: 13:56, 13.11.2019
Ақтөбе облысында жол жөндеуге 43,6 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында 500 шақырымнан астам жол жөнделеді.

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Ақтөбе облысында жергілікті жолдардың желісін дамыту үшін 43,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Келесі жылы Ақтөбе-Қандыағаш, Ақтөбе-Орск жолдары жөнделіп, Ақтөбе қаласының Батыс айналма жолы салынады. Сондай-ақ Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын және Орталық-Батыс жобалары пысықталуда», -  деді облыс басшысы Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар транзит әлеуетін дамыту аясында Ресеймен шекаралас бірнеше бекеттің мәртебесін көтеру мәселесін де тілге тиек етті.

Айтуынша, Ресеймен шекарадағы Әйтеке би – РФ Союзнос және Жиренқопа – Бірінші мамыр, сонымен қатар Өзбекстанмен шекарадағы Бозой ауылы жағындағы бекеттердің мәртебесін халықаралық дәрежеге көтеріп, үш халықаралық өткізу бекетін ашу мәселесі қарастырылуда.

«Ақтөбе – Қазақстан бойынша оңтүстік жағынан да, солтүстік жағынан да шекарасы бар жалғыз облыс. Батыс Қытайдан болсын, Орталық Азиядан болсын жүк Ақтөбе облысының аумағынан өтеді. Облыс аумағы арқылы жүк тасымалының артқаны қуантады. Дегенмен, жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет тарапынан толық қолдау бар», - деді О.Оразалин.

Хабар 24 телеарнасы