377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда ауыл тұрғыны ақылды журнал жасап шығарды

  • 248
  • UPD: 13:54, 13.11.2019
Ақтауда ауыл тұрғыны ақылды журнал жасап шығарды

Маңғыстау облысында жастар арасында креативті идеялар байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стартап жобалар жарысына әр ауыл мен ауданнан келген 400-ге жуық жас қатысып, ішінен үздік деген 50 жоба іріктеліп алынды. Бірі ауыл шаруашылығына, енді бірі медицинаға ноу-хау енгізбекші. Тағы бірі халыққа қызмет көрсетудің онлайн үлгісін жасап шығарған. Сарапшылар сынынан сүрінбей өткендер Маңғыстау стартап орталығының тіккен арнайы жүлдесіне ие болады. Сонымен қатар бизнес идеяларын жүзеге асыруына қолдау көрсетіледі. Бейнеу ауданынан келген Бауыржан Мұхамедов «3 Д» форматындағы инновациялық журнал ойлап тапқан. Арнайы бағдарлама жүктелген смартфонды журналдағы суреттерге жақындатқан бойда суреттер сөйлей жөнеледі. Аттар шауып, құстар ұшады. «Ғажайып» журнал 3 пен 10 жас аралығындағы балаларға арналған. Алдағы уақытта хайуанаттардан өзге, қазақ ертегілері, салт-дәстүрлерімен бірге еліміздің көрікті жерлеріне арналған IT журналдар жарық көрмек.

Бауыржан Мұхамедов, Бейнеу ауылының тұрғыны:

– Қазір білесіздер, балалардың смартфонға деген қызығушылығы өте қатты артып кеткен. Сондықтан да сол смартфонды дұрыс бағытта, пайдалы мақсаттарда, оның дамытушылық қабілетін арттыру мақсатында қолдану үшін осы «3 Д» журналын ойлап тапқан болатынбыз. Бұл жұмыстарға 2 ай уақыт кетті. Егер стартап жобаларымыз қолдау тауып, ақша бөлінетін болса, қажетті құралдарымызды алып, әрі қарай дамытамыз деген ойдамыз.

Өмірбек Құрбанбаев, Маңғыстау Startup акселерация орталығының басшысы

– Қазірдің өзінде бізде жүлде қорымыз бар. Одан бөлек бізде өзіміз жасақтаған инвесторлардың пулы бар. Оларға кез-келген стартап иесінің рұқсатымен жобаларын көрсетеміз. Яғни бұл жерде тек материалдық емес, әрі қарай ұйымдастыру жағынан да қолдаулар көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы