384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында халықаралық өткізу бекеттері ашылады

  • 166
  • UPD: 17:10, 13.11.2019
Ақтөбе облысында халықаралық өткізу бекеттері ашылады

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының әлеуеті зор, алайда саланың өңір экономикасына қосатын үлесі 5 проценттен аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі міндет – асылтұқымды мал басын көбейтіп, экспорт көлемін арттыру. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин баспасөз мәслихатында айтты. 2025 жылға дейін ірі қараны 3 есе, ұсақ малды 2 есеге көбейту жоспарланған. Сондай-ақ құс шаруашылығын дамытып, 3 жыл ішінде құс еті тапшылығын жою жоспары жасалған. Өңірден еліміздегі негізгі көліктік-транзиттік дәліз өтеді. Сондықтан көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады. Келесі жылы Ақтөбе-Қандыағаш, Ақтөбе-Орск жолдары жөнделіп, Ақтөбе қаласының Батыс айналма жолы салынады. Транзиттік әлеуетті дамыту аясында облыста үш халықаралық өткізу бекетін ашу мәселесі де қаралып жатыр. 

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

– Ресеймен шекарада жұмыс істеп тұрған Әйтеке би - РФ Союзные және Жиренқопа - Бірінші мамыр бекеттерінің мәртебесін, Өзбекстанмен шекарадағы Бозой ауылы жағындағы бекетті халықаралық деңгейге өсіру керек. Қазақстан жағынан мүмкіндік болса да, әр жүк тасыйтын көлік өз жолағымен кіретін болса сыртқа шыққан уақытта бір жолға тіреледі де, ұзақ мерзімге тура келеді. Ресей мемлекетінің тарапынан қолдау бар. Олар да жуық арада осы мәселені шешуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы