384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда автомобиль жолдары саласындағы халықаралық көрме өтеді

  • 164
  • UPD: 16:59, 13.11.2019
Нұр-Сұлтанда автомобиль жолдары саласындағы халықаралық көрме өтеді afishaday.kz

«Қазавтожол-Kaztraffic-2019» көрмесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен биыл 16-автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау салаларындағы соңғы жетістіктермен таныса алады.

Экспозицияға дәстүрге сәйкес Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компанияларының ғылыми, техникалық зерттемелері мен өнімдері қойылады деп күтілуде.

Жол саласының мамандары тақырыптық сессияларда өзекті мәселелерді талқылайтын болады. Ал «Жол құрылысындағы инновациялық тәсілдемелер: перспективалар мен даму» конференциясы барысында жолдарды салу кезінде қолданылатын технологияларды зерттеу, жолдардың сапасы, жолдарды күтіп ұстау және жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелер қозғалмақ.

«Қазавтожол-Kaztraffic-2019» көрмесі 28-29 қарашада «Көрме» орталығында өтеді. 

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы