384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын өлтірген қаскүнем өмір бойы түрмеде отырады

  • 240
  • UPD: 19:16, 13.11.2019
Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын өлтірген қаскүнем өмір бойы түрмеде отырады

Жамбыл облысында екінші сынып оқушысын өлтірген 37 жастағы қаскүнем өмір бойы түрмеде отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі оған химиялық кастрация жасалады. Соттың үкімі осындай. Жаңағыдан бөлек, сотталушы жәбірленген тарапқа 5 млн теңге төлеуі тиіс. Сараптама қаныпезердің ақыл есі дұрыс екенін анықтаған.

Естеріңізге салайық, 8 жастағы Аруай Берік осы жылдың 24 сәуірінде жоғалып кеткен. Келесі күні баланың күйіп кеткен денесі Қаратау қаласының шетінен табылған. Күдікті бақылау камералары арқылы анықталды. Тергеу барысында сотталушының бұдан 6 жыл бұрын 12 жастағы қыз балаға зәбір көрсеткені мәлім болды.  

Айдарбек Замбаев, судья:

– Қылмыстық іс бойынша Жақсылық Байділдаев бойынша сот үкімі жарияланды. Адам өлтіруіне байланысты сексуалды сипаттағы іс әрекеттерді жасыру мақсатында қызды өлтіріп отыр, соған байланысты сот оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Хабар 24 телеарнасы