384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отыр

  • 208
Оралдық аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отыр

Оралдағы аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттің жәрдеміне мұқтаж жандар қалалық жұмыспен қамту бөлімінің табалдырығын тоздырудан шаршаған. Шенеуніктер қажетті қаржының жоғарыдан аударылмай жатқанын айтып ақталады. Жәрдемақының қайта есептелуі де қаржының кешігуіне себеп болғанға ұқсайды. Табысын жасырған жанұяларға жәрдемақы тоқтатылғанына қарамастан, шаһарда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатары артып келеді. Облыс орталығында ондай отбасылардың саны соңғы айда 500-ге артыпты. Жыл басынан бері Оралда атаулы көмек үшін қазынадан 1,5 миллиард теңге төленген. 

Эльмира Аумова, қала тұрғыны:

– Аналарға уақытымен түсірмейді, неге бақылау жасамасқа? Жоғарыдағыларға айтатынымыз, бұрын айдың аяғына дейін түсіріп жүрді, қазір қазан айынікін әлі ала лмай отыр. Шартсыздардікін түсіріп болдық дейді, бірақ әлі ала алмай отырғандар бар.

Наурызбай Дәуешев, қалалық ЖҚжӘБ бөлімі басшысының орынбасары:

– Олардың кедейшілік шегіне жететін табыс деңгейіне байланысты тапсырушылар саны көбейіп жатыр. Мысалы, бізде қазан айында 3,5 мың атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы болса, қараша айының 1-де 4041 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болды.

Хабар 24 телеарнасы