384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында «Қазіргі заман қаһарманы» атты акция өтуде

  • 274
Ақтөбе облысында «Қазіргі заман қаһарманы» атты акция өтуде

Ақтөбе облысында «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қызмет барысында ерлік жасаған полиция, төтенше жағдайлар бөліністері, қылмыстық атқару жүйесі, және ҚР Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысып жатыр. Негізгі мақсат - сала өкілдерінің ант пен азаматтық борышқа адалдығын және ішкі істер органдарының имиджиін арттыруды көздейді. Батыр полицейлер Ақтөбедегі жалпы білім беретін бірқатар мектептер мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Өздерінің күнделікті жұмысы және қызмет атқару кезінде орын алған түрлі қиындықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ акцияға қатысушылар Алға ауданына болды. Алдағы уақытта, Хромтау және Темір аудандарына да барып, жергілікті тұрғындармен, жастармен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы