380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы 614 қауіпті жол учаскесі бақылауға алынбақ

  • 276
  • UPD: 07:57, 14.11.2019
Қарағанды облысындағы 614 қауіпті жол учаскесі бақылауға алынбақ

Қарағанды облысының аумағында 614 қауіпті жол учаскесі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзындығы шамамен 880 шақырым болады. Мамандардың зерттеуінше, бұл жерлерде сәл жел тұрса болды ақтүтек боран соғып, жиі қар жиналады екен. Көктайғақ кезде жүк көліктері өте алмай қалатын қырат та көп. Сондықтан бірінші кезекте жолдың осы тұстары бақылауға алынбақ. Тәулік бойы кезекшілік қойылады. Бұған қоса, жуырда жол бойындағы жанар-жағармай бекеті, дәмхана, кемпинг секілді 390 нысанның басшыларымен келісімшарт жасалған. Олар төтенше жағдай болып, жолаушылар далада қалса, көмек беруге әзір. Сондай-ақ өңірде 28 жылыту және 7 медициналық құтқару бекеттері жұмыс істеп тұр. 3 мың адам мен 1200 техника сақадай-сай.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Ол 614 учаске белгілі. Оған алдын ала инерттік материалдар шығарылып, техниканың кезекшілігі ұйымдастырылып, барлық керекті жұмыстар жол мекемелерімен ұйымдастырылатын болады. Біздің күштерімізді білесіздер, ол жоғары өтілімді техникалар, жол талғамайтын көліктердің бәрі дайын. Бәрін енді қыс мезгілі көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы