384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 26 тұрақты жылыту бекеті ашылады

  • 179
  • UPD: 08:27, 14.11.2019
Қостанай облысында 26 тұрақты жылыту бекеті ашылады

Қостанай облысында қар басып қалу ықтималдығы жоғары 250 жол учаскесі белгіленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демек, қатты боран кезінде республикалық және облыстық маңызға ие 600 шақырымдай автожолда техникалар қозғалысы қиындауы мүмкін. Сондықтан қар құрсауында қалғандар үшін жол бойында 26 жылыту бекеті тәулік бойы жұмыс істемек. Олар төсек-орын, азық-түлікпен жабдықталып, қажет болса, құтқарылған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек те көрсетеді. Өткен қыс маусымында осындай жылыту бекеттерінің арқасында 320 адам құтқарылды. Оның ішінде 32 бала болған.

Уәлихан Досанов, облыстық ТЖД бас маманы:

Қостанай облысында 286 адамнан тұратын жеке құрам дайындалды. Қыс маусымында ауа райының қолайсыздығынан туындайтын төтенше жағдайларды жою үшін 64 техника сақадай сай тұр. Егер ауқымды төтенше жағдай бола қалса, қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен қосымша 104 жылыту бекеті жасақталады.

Хабар 24 телеарнасы