384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданы қардан тазалау жұмыстары неліктен баяу жүргізілуде?

  • 152
  • UPD: 10:25, 14.11.2019

Елордаға қалың қар жауғалы 5 күн болды. Бірақ қала ақ мамықтан әлі тазарар емес. Әкімдіктің айтуынша, коммуналдық сала мамандары 3 ауысыммен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаяу жүргіншілер жолын да мұз басып, көктайғақ пайда болды.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Қаланың қос жағалауын аралап көрдік, әр жерде жатқан қар үйінділері жетерлік. Мұз басқан жаяу жүргіншілер жолы адамдардың жүріп-тұруына қиындық тудыратыны тағы бар. Қаланың коммуналдық мекемелері қыс мезгіліне дайын ба? Алғашқы қарды жинауға апталап уақыт керек болып жатыр. Алда қалай болмақ деген сұрақты шаһар басшысының орынбасарына қойдық.

Алтынбек Қайсағалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Ең бірінші мақсат – көлік жүретін жолдарды және жаяу жүргіншілер жолын тазалап беру.Жұмыс атқарылды. Қарды бір күнде шығару мүмкін емес.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Әкімдік берген ақпарға сай қаланы қардан тазалау үшін 900-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, 1700-ден астам жұмысшы күш салып жатыр екен. Бірақ қала ішінде Жеңіс көшесі сияқты тазаланбай жатқан жолдар көп. Бұл, әсіресе, жаяу жүргіншілерге ыңғайсыздық тудыруда.

Блиц 1:

Жолмен жүру қиын.Балаларым құлап жатыр.

Блиц 2:

- Жолдармен жүру қиын. Коляскамен батып қалып жатырмыз.

Осыған дейін 100 мың шаршы метр қар қаладан шығарылған. Желтоқсанның 5-іне дейін 67 арнайы техника сатып алынады. Әкімдіктегілер «бұл қосымша жақсы көмек болар еді» деп күтіп отқандарын да жасырмады.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Қаланың сол жағалауындағы қардан тазалау жұмыстары да баяу жүргізілуде.Үйілген қарды бұл жерлерден де кездестіруге болады.

Жұмыстың жасалып жатқанын да айту керек.Тек бір күн жауған қарды апталап тазалау бас шаһарға сын болар.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Аят Дүсембаев, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы