384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық көлік жүргізушілеріне жол апатының алдын алу маңызы түсіндірілді

  • 198
  • UPD: 09:24, 14.11.2019
Маңғыстаулық көлік жүргізушілеріне жол апатының алдын алу маңызы түсіндірілді

Маңғыстаулық полицейлер Қарақия ойпатына апаратын жол бойында «Жолда қабылдау» шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған көлік жүргізушілері, әкімдік және салық органы қызметкерлері мен жолға жақын тұрған елдімекен тұрғындары қатысты. Мақсат – халыққа төрт түліктің мойнына сәуле қайтарғыш лента байлаудың маңыздылығын түсіндіру.

«Метрі 700 теңге тұратын флиппер көлік апатын болдырмайды. Ал мұндай жағдай бола қалса, мал иесі жауапқа тартылады», - дейді жол сақшылары. Бұл пікірмен келіскен ауыл азаматтары сол жерде ірі қараға лента тақты. Осы трасса өтетін Мұнайлы ауданында биыл малға қатысты үш жол-көлік оқиғасы болды. Абырой болғанда, кісі өлімі жоқ. Былтыр 45 дерек тіркеліп, соның салдарынан бірнеше адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Серік Молдахан, Шетпе ауылының тұрғыны:

- Таңертең өтіп бара жатқан кезде жолда қан болады. Түнде көп жол апаты болады. Көбі малға соғады. Адамның амандығы керек. Белгі байланған малдың иесін жауапкершілікке тарту керек. Шопырды көбіне кінәлайды. Кейбірде мал иесі шопырды жеңіп шығады. Көлік ішінде қарайған жолаушылар отырады. Жолаушылар да жарақатқа ұшырайды. Машинаның өзі 200, 300, 500 мыңға шығады. Сондықтан малды қорасына қамау керек сияқты түнде.

Амангелді Қалмұрадов, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:

- Өздері келіп сұрап жатыр. Ұсыныстарын беріп жатыр. Түнде мал көрінбей қалады, сол үшін жарық салу керек. Болмаса, кейбіреулері өте қатты жылдамдықпен көлік жүргізеді, сол жылдамдықты шектеу шараларын қолдану керек. Осындай өтініштер көп. Маңызды мәселелердің біреуі – жолаушы тасымалдаушылардың демалу уақытын сақтамай айдауы. Оған да көңіл бөлдіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы