384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жылқыларға қатыгездік көрсеткендердің ісін полиция қарап жатыр

  • 190
  • UPD: 11:36, 14.11.2019
Атырауда жылқыларға қатыгездік көрсеткендердің ісін полиция қарап жатыр

Атырауда жануарларға қатыгездік жасағандардың ісін полиция тексеріп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде ер адам атты басынан балтамен ұрып өлтіріп жатқан видео тарап, көптің ызасын тудырды. Видеоның Махамбет ауданының Береке кентінде үй жануарлары сойылатын цехта түсірілгені анықталды.

«Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының («Жануарларға қатыгездік жасау») 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аттардың басынан балтамен ұрған ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Ол сотқа дейінгі тексеру аясында тергеліп жатыр.

Атырауда қасапшылар жылқыны балғамен ұрып өлтірген

Хабар 24 телеарнасы