380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналуда – Тоқаев

  • 298
  • UPD: 12:32, 14.11.2019
Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналуда – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

«Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 млн га, соның 88% пайдаланылып отыр. Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар облыста 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілгенін айтты.

«Өңірде елеулі өзгерістер болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді», - деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы