384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК есірткі контрабандасының жолын кесті

  • 195
  • UPD: 12:18, 14.11.2019
ҰҚК есірткі контрабандасының жолын кесті ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті.

Сонымен, 2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландтан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны К. және Д. ұсталды.

Ұсталған К-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1,5 кг «гашиш» есірткі құралы мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.

Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар Алматы қ. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы