376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент: Нұр-Сұлтан қаласындағы тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету керек

  • 250
  • UPD: 12:47, 14.11.2019
Президент: Нұр-Сұлтан қаласындағы тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету керек Бақ.кз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету керек. Ақмола облысының артықшылықтары көп. Ең бастысы, бұл аймақ Елордамен іргелес орналасқан. Бұл дегеніміз – үлкен нарық. Әкімдік осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуы керек», – деді Қ.Тоқаев.

Ал мұның алдында ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысып жатқанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы