384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан – Қостанай әуе рейсі іске қосылады – FlyArystan

  • 183
Нұр-Сұлтан – Қостанай әуе рейсі іске қосылады – FlyArystan FlyArystan

Алдағы желтоқсан айынан бастап Нұр-Сұлтан – Қостанай және кері бағыттағы әуе рейсі қатынай бастайды, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Біз Нұр-Сұлтаннан Қостанайға және де кері қарай қатынайтын рейстерге билеттерді қайта сата бастадық. FlyArystan.com сайтына өтіңіз, 18 желтоқсанан бастап орындала бастайтын рейстің бірін 5999 теңгеге брондап үлгеріңіз», – деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясы. 

Әуе компанияның дерегінше жолаушылар 5 келіге дейін тегін қолжүгін алып жүре алады. Және біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептелген, агенттік алымдары ескерілмеген. 

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан – Қостанай әуе рейсі осы жылдың 3 қазанында қатынай бастауы тиіс еді. Дегенмен Қостанай қаласы әуежайының тиісті әуе қатынасын жасауға тиісті рұқсаты болмауына байланысты уақытша тоқтатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы