384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұздың қызанақтары Ресей тұрғындарының сұранысына ие – Б.Бақауов

  • 161
  • UPD: 14:27, 14.11.2019
Екібастұздың қызанақтары Ресей тұрғындарының сұранысына ие – Б.Бақауов

Екібастұз қаласында қызанақ өсіретін жылыжай кешені кеңейтіледі.

2023 жылға дейін жылыжай кешенін 60 гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Жылыжай қазіргі уақытта 31,5 гектар жерді алып жатыр, оның 11,5 гектары биыл салынды.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Бұл – Екібастұз ГРЭС-1 жанында орналасқан үшінші жылыжай. Станция энергия жұмсайтын объектіні арзан электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді. Екібастұз қызанақтары ішкі нарықта ғана емес, өнімдер экспортталатын Ресей Федерациясының сібір өңірлерінің тұрғындарында үлкен сұранысқа ие», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыстан ет өнімдері де экспортталады.

«Жыл сайын орташа алғанда 1,5 мың тонна ет жөнелтіледі. Ет негізінен Ресей Федерациясына жіберіледі», - деді Б.Бақауов.

Айтуынша, қазіргі уақытта «Рубиком» ет компаниясы Қытайға шошқа етін тікелей жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы