376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Аршалы мен Целиноградқа газ тартуды тапсырды

  • 222
  • UPD: 15:20, 14.11.2019

Облыс жұртымен кездесуінде Мемлекет басшысы алдағы 2 жылда Аршалы және Целиноград аудандарын көгілдір отынмен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев магистральді газ құбыры аз уақытта салынып біткенімен, ішкі желілердің әлі жүргізілмегенін айтты. Облыс әкімдігі тиісті құжаттарды тіпті әзірлемеген. Кесірінен халық қара суықта бүрсеңдеп жүруге мәжбүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Мемлекет магистральді газ құбырын аз уақытта жүргізді. Бірақ ішкі желілер әлі дайын емес. Әкімшіліктің салғырттығынан тұрғындарға көгілдір отын жүргізілмеген. Тіпті тиісті құжаттар дайын емес. Сондықтан Үкімет пен облыс әкімдігіне 2020-2021 жылдары Аршалы мен Целиоград аудандарын газбен қамтуды тапсырамын.

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы дамыған. Сондықтан Мемлекет басшысы «осы өңірден елордаға сапалы азық-түлік жеткізілуі керек» деді. Бұл шаруаларға да тиімді болар еді. Өйткені Нұр-сұлтан қаласы – үлкен нарық.

Ал мұның алдында ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысып жатқанын хабарлағанбыз.

Сонымен қатар елордалық тұтынушыларды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту туралы тапсырма берілді.

Хабар 24 телеарнасы