427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тауда жоғалған қызды іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды

  • 1302
  • UPD: 20:49, 14.11.2019
<span class=favorites>Тауда жоғалған қызды іздестіруге тікұшақ жұмылдырылды</span>

Үлкен Алматы шыңына аттанып, қайта оралмаған Әсел Панарғалиева әлі табылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет 9 қараша күні түс уақытында таудан әлеуметтік желіге суретін жүктеген 26 жастағы қызды іздеуге бүгін әуеге тікұшақ көтерілді. Алайда құтқарушылар мен тәжірибелі альпинистер жоғалған адамның ешқандай белгілерін таба алмаған. «Қарашаның қолайсыз ауа райы да іздестіру жұмыстарына кедергі келтіріп отыр», – дейді мамандар. Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, заң жүзінде жоғалған адамды іздеу үш күннен аспауы керек. Дегенмен іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған.

Бұған дейін жүргізілген іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылған болатын. Бірақ кейін Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіруді жалғастыруды қайта сұрады.

Хабар 24 телеарнасы