384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Ақмола облысындағы ет өңдеу зауытының жұмысымен танысты

  • 278
  • UPD: 17:32, 14.11.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жасаған сапары аясында ет өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2011 жылы құрылған кәсіпорын қуаттылығын ұдайы арттырып келеді. Шұжық және консервіленген өнімдерін, ірі қара мен жылқы етін елдің барлық аймағына жөнелтеді. Ресейге де бірпарасын экспорттайды. Зауытта 900 басқа арналған мал бордақылау алаңы бар. Алдағы уақытта тағы 5 мың басқа арналған кешен салуды көздеп отыр. Ал экспорттық өнімдерін Өзбекстан мен Малайзияға жөнелту жоспарда бар.

Шәкихан Антаев, ет өңдеу зауытының директоры:

– Ресей нарығына шығу өте қиын. Оның шаралары үкімет тарапынан жүріп жатыр. Кедергілер болған. Қазір жоқ. Біздің тауарлар бүкіл облыс орталығында сатылады. Қазіргі таңда Өзбекстан және Малайзиямен келіссөз жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы