384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Көкшетаудағы қап шығаратын кәсіпорында болды

  • 199
  • UPD: 17:34, 14.11.2019

Ақмоладағы қап шығаратын кәсіпорын жұмысы да бүгін мемлекет басшысы барған нысандардың бірі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндірісте мыңға жуық адам еңбек етеді. Орташа жалақы – 90 мың теңге. Жылына 10 млн қап шығарылады. Өнімдер қазақстандық кәсіпорындарға және шетелдік нарыққа жіберіледі. Атап айтқанда, Ресей мен Беларусь және Өзбекстан сынды мемлекеттер – негізгі тұтынушы елдер. Бірақ республиканы толық қамтамасыз ету әзірге мүмкін емес. Нарық талаптарына сай кейбір отандық кәсіпорындар қажетті тауарды сырттан сатып алады. Дегенмен, Президент өндіріс қуаттылығын төмендетпей, тұрақты еңбек өнімділігін сақтауды тапсырды.

Бекзат Сапаров, машинист-экструдер:

– Қапты шығарудың бірінші сатысы бізден басталады. Машинист-инструктор. Онда полипропиленнен кальций арқылы пленка шығарамыз. Ол пленка жіп боп бабинаға дайындаймыз. Содан оны ткацкий аппараттар алады. Күніне 2-3 мың келі дайындаймыз. 

Хабар 24 телеарнасы