375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Сириядан оралған содырларға қатысты сот тыңдауы өтті

  • 287
  • UPD: 17:34, 14.11.2019
Елордада Сириядан оралған содырларға қатысты сот тыңдауы өтті

Бүгін Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған 14 қазақстандыққа қатысты кезекті сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар елге «Жусан» операциясы аясында қайтарылған. Сот залында күдіктілер туралы тың мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, жат ағымға ашық үгіттейтін бейнероликтер көрсетілді. Бұл бейнежазбалар алдын-ала түсіріліп, кейін ғаламторға салынған. Соның бірінде бүгінгі сотқа тартылған күдіктілердің кейбірін байқауға болады. Бейнежазбада жігіттердің лаңкестік ұйымға қосылып, дұрыс жолды таңдағаны айтылады. Оларға соғыс алаңын тастап кетуге болмайтынын ескертеді. Егер қашып кетсе жаратушының әміріне қарсы шыққан болып саналады. Сондықтан ондай адамға жұмақтың да есігі жабылады деген үгіт-насихаттар бар.

Хабар 24 телеарнасы